鶹Ƶ

Ақпарат:

29 мамыр 2025 996

Сәтбаев университеті Канаданың жетекші университеттерімен келісім жасады

Сәтбаев университеті Канаданың жетекші университеттерімен келісім жасады

Сәтбаев университетінде Канаданың Thompson Rivers University, Ontario Tech University және Kwantlen Polytechnic University өкілдерімен кездесу өтті. Сапар аясында кампусқа экскурсия ұйымдастырылып, әр университет өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Келісімдер қазақстандық тұңғыш техникалық университетте жаһандық білім беру кеңістігін құру жолында маңызды қадам болып табылады, әрі академиялық алмасу аясында студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибеге жол ашады. Бұл туралы қонақтар университет басшылығымен жұмыс бабымен кездесуде талқылады.

Сәтбаев университетінің мүмкіндіктерін бағалау мақсатында Канада Елшілігінің өкілі Юргита Рушките бастаған канадалық делегация университеттің зертханалық кешендерімен, «Стройтех» технопаркімен, коворкинг алаңдарымен, кітапханамен және студенттік инфрақұрылыммен танысты.

Қонақтарды университет ректоры Мейрам Бегентаев қарсы алды, ал халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректор Самғат Ермекбаев қонақтарды университеттің халықаралық жетістіктерімен таныстырып, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Канадалық жоғары оқу орындарының өкілдері Сәтбаев университетінің инфрақұрылымын және өз отандастарының білім алу мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Жаңа келісімдер Сәтбаев университетінің Қазақстандағы жетекші халықаралық білім беру орталығы ретіндегі дәрежесін нығайтып, екі елдің студенттері үшін одан да көп мүмкіндіктер туғызады.

Бұл кездесу 2024 жылдың қараша айында «Жезқазған қаласындағы «Ұлытау» техникалық университеті» жобасы аясында «Ұлытау білім беру қоры» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен болған алғашқы сапардың нәтижесі болып табылады.

Сәтбаев университеті Канаданың жетекші университеттерімен келісім жасады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту