鶹Ƶ

Ақпарат:

30 шілде 2025 900

Satbayev University-де үш мыңнан астам студент жасанды интеллект курстарын аяқтады

Satbayev University-де үш мыңнан астам студент жасанды интеллект курстарын аяқтады

2025 жылғы маусым айында AI-Sana бағдарламасы аясында және Huawei ICT Academy қолдауымен Satbayev University-де 3 300-ден астам студент жасанды интеллект бойынша курстарды сәтті аяқтады.
Негізгі үш курс – Search and AI, Overview of AI және Artificial Intelligence Technology and Applications – студенттерге базалық алгоритмдерді меңгеріп, машиналық оқытудың практикалық дағдыларын игеруге мүмкіндік берді.

Сабақтар қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізілді. Сыртқы курстардан бөлек, университет «Баршаға арналған жасанды интеллект» атты өзінің авторлық бағдарламасын іске қосты. Бұл курсқа 14 мыңнан астам адам қатысып үлгерді.

"Satbayev University жасанды интеллект бағыты бойынша еліміздегі 27 «тірек» университеттің қатарына кіріп, 2025 жылдың басынан бастап AI–Sana бағдарламасын оқу және ғылыми-техникалық экожүйеге белсенді енгізіп келеді, — деді университет ректоры Мейрам Бегентаев. — Университет халықаралық стандарттарды жергілікті ерекшеліктермен ұштастыра отырып, технологиялық өсімге серпін беретін жоғары білікті мамандарды даярлап жатыр».

AI–Sana бағдарламасын қолдап, өз бастамаларын дамыту арқылы Satbayev University Қазақстанның цифрлық экономикасына қажет мамандарды дайындауға елеулі үлес қосып отыр. Бұл жерде ИИ-ді тек оқытпайды – жаңа технологиялық дәуірдің көшбасшыларын тәрбиелейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту