鶹Ƶ

Ақпарат:

4 тамыз 2025 606

Сәтбаев университеті мен Purdue University Caterpillar Foundation қолдауымен машина жасау саласы бойынша микробіліктілік бағдарламасын іске қосады

Сәтбаев университеті мен Purdue University Caterpillar Foundation қолдауымен машина жасау саласы бойынша микробіліктілік бағдарламасын іске қосады

Инженер кадрларын тәжірибелік тұрғыдан дайындауды күшейту және заманауи өндірістік дағдыларды білім беру процесіне енгізу мақсатында Сәтбаев университеті АҚШ-тың Purdue University оқу орнымен бірлесіп MTPEP (Microqualification Training Program for Engineering Profile) жобасын іске асыруда. Бағдарлама машина жасау саласындағы қолданбалы құзыреттерді дамытуға бағытталған қысқа әрі оқу үдерісіне ендірілетін микрокурстардан тұрады. Жобаны жүзеге асыруға Caterpillar Foundation қоры 100 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай қолдау көрсетіп отыр.

Жоба аясында Сәтбаев университеті оқу үдерісіне арналған жаңа жабдықтармен толықты. Атап айтқанда, ЧПУ жүйесімен басқарылатын токарь және фрезерлік станоктар сатып алынды. Бұл жабдықтар студенттердің өндірістік дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді: олар станоктарды бағдарламалау, баптау және пайдалану бойынша тәжірибеден өтеді. Бұл өз кезегінде академиялық білім мен нақты өндіріс арасындағы байланысты күшейтеді.

Жоба халықаралық тәжірибеге негізделген: Purdue University  АҚШ-тың үздік он мемлекеттік университетінің қатарына енеді және QS by Subject 2025 рейтингінде «Mechanical Engineering» мамандығы бойынша әлемде 19 орында тұр. Жалпы QS жаһандық рейтингінде бұл оқу орны 89 орынға ие.

Бағдарлама аясында Қазақстан өнеркәсібі үшін өзекті үш микробіліктілік бағыты айқындалды:

  1. Реверс-инжиниринг бойынша инженер (Reverse Engineering Design Engineer)
  2. 3D модельдеу маманы (3D CAD Specialist)
  3. Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктардың операторы (CNC Machine Operator)

«Машина жасау саласындағы үздік университеттермен және әлемдік көшбасшылармен бірлесіп ашылып отырған бұл микробіліктілік бағдарламасы  студенттер үшін инженерлік білім берудегі үздік тәжірибелерге қол жеткізудің жолы. Бұл Сәтбаев университеті үшін өндіріс талаптарына бейімделген қолданбалы білім беруді қалыптастырудағы тағы бір маңызды қадам», – дейді «Polytechpoint» оқу-өндірістік зертханасының меңгерушісі Руслан Мұқанов.

Бағдарламаның бағыттары еңбек нарығын талдау және өнеркәсіптік серіктестермен кеңесу нәтижесінде айқындалды. 2025 жылдың шілде айында Purdue University делегациясы Сәтбаев университетіне ресми сапармен келіп, Almaty Heavy Machinery Plant, Borusan Makina, Eurasia Resource Group, LLP DOC Co. LTD, Alageum Electric, MGN Group сынды жетекші өндірістік компаниялардың өкілдерімен кездесті. Кездесу нәтижесінде барлық үш бағыт индустрия тарапынан қолдау тапты.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту